Пәнді оқыту мақсаттары
«Компьютерлік желілер» пәні әр-түрлі саладағы мамандарды дайындау оқу процесі кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды оқып-үйрену, жобалау және меңгеру үшін керек маңызды сабақтардың бірі болып табылады. «Компьютерлік желілер» пәнінің мақсаты - компьютерлік желілердің ұйымдастырылу және жұмыс істеу қағидаттарын, дербес компьютерлердің желідегі жұмысының ерекшеліктерін меңгеру, қазіргі заманғы компьютерлік желілермен танысу, жергілікті желілердің жұмысын меңгеру. Курс дәрістік, практикалық және зертханалық сабақтардан тұрады. Негізгі теориялық білім дәрістерде, ал тәжірибелік мәліметтер прктикалық және зертханалық сабақтарда беріледі.